Еңбек құлдығы  әлем бойынша адамды қанаудың екінші кең тараған түрі. БҰҰ мәліметі бойынша адам саудасымен байланысты қылмыстардың 38% мәжбүрлі еңбекке тарту мақсатында жасалған.

Қазақстанда еңбекті заңсыз пайдалану проблемасы көп жылдар бойы өзекті болып келеді. Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) мәліметі бойынша, 2020 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша адам саудасының 1 891 құрбаны оңалту және реинтеграция бойынша көмек алған. Оның 744-і Қазақстан азаматтары. Зардап шеккендердің көпшілігі – 60,9% мәжбүрлі еңбек жұмысына тартылған. ХБҰ сарапшыларының айтуынша соңғы жылдары жыныстық құлдықтан гөрі еңбек құлдығы басым. Бірақ статистика бойынша қылмыстық істердің көбі жыныстық қанау мақсатында адам саудасы бойынша қозғалады. Мамандар бұл фактіні істің көптігімен емес, мәжбүрлі еңбек дәлелдерін жинаудың қиындығымен байланыстырады.

Еңбек құлдығына кім түседі?

Қазақстанда республика азаматтары да, мигранттар да мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Адам саудасы жөніндегі ғаламдық деректер орталығының мәліметінше, Қазақстанда еңбек және сексуалдық құлдық құрбандары ел азаматтарының өздерінен бөлек, көршілес елдер – Қырғызстан мен Өзбекстанның азаматтары болып табылады. Қазақстан Орталық Азиядан келген мигранттарға Ресейден кейінгі сұранысқа ие екінші ел болып табылады. Мигранттардың басым бөлігі визасыз режімнің арқасында елге заңды түрде кіреді. Дегенмен, олардың көпшілігі елде қалып, заңсыз жұмыс істейді, бұл оларды адам саудасының құрбаны болу мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ қазақстандықтардың өздері де Ресей Федерациясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде адам саудасының құрбаны болуда.

Ел ішінде еңбек құлдығынан зардап шегетіндер көбінесе құжатсыз және тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, мүгедектер, аз қамтылғандар, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасынан шыққан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мүгедектерді қайыр сұрауға, ер адамдарды мал бағуға мәжбүрлеуде. Орталық Азия елдерінің мәдени ерекшеліктеріне байланысты ер адамдар басқа елдерге жұмыс істеуге жиі кетеді.

Адам саудасымен байланысты қылмыстарға халықтың әлеуметтік осал топтары ғана тап болмайтынын түсіну керек. 2018 жылы Walk Free халықаралық коммерциялық емес ұйымының мамандары «осалдық индексін» анықтады – бұл құлдыққа түсу мүмкіндігінен сақтандырылмаған тұлғалардың анықтамасы. Қазақстанда бұл 43 пайызды құрайды, яғни әрбір екінші тұрғынның адам тауарына айналу қаупі бар.

Жұмысқа қабылдау арналары, пандемияның әсері және басқа факторлар

Еңбекті қанаудың таралу проблемасы ең алдымен экономикалық және әлеуметтік себептерге байланысты. Жұмыссыздықты, жалақының төмендігін, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндіктердің жоқтығын және басқа да келеңсіз факторларды қылмыстық құрылымдар адамдарды жұмысқа тарту үшін пайдаланады.

Халықаралық көші-қон ұйымының 2015 жылы жүргізген зерттеуіне сәйкес 38,6% жағдайда жалдаушылар респонденттердің таныстары болған. Сауалнамаға қатысқандардың 33,2% шетелде жақсы жалақы алатын жұмыс ұсынатын бейтаныс адамдар жұмысқа алған. Тағы 8,4% достары, 5% туыстары жолдаған. Сарапшылар мигранттарды контрабанда жасау бойынша қызметтер нарығы онлайн қызметтерді де белсенді түрде пайдаланып жатқанын атап өтті.

Экономикалық құлдырауға қарамастан (ресми деректер бойынша республикадағы кедейлік деңгейі 2021 жылы 21%-ға өсті), Қазақстан экономикалық тұрақтылығы төмен елдердің азаматтары үшін тартымды ел болып қала береді.

COVID-19 пандемиясы еңбек кепілдігі жоқ жұмыс істеп жүрген мигранттардың осалдығын арттырды. Олардың қаржылық жағдайы нашарлайды; мәртебесі барған сайын тұрақсыз болады (соның ішінде шекаралардың жабылуына немесе жұмысқа рұқсатты ұзарту мүмкіндігінің болмауына байланысты); медициналық көмекке қолжетімділіктің жоқтығынан олардың денсаулығына қауіп төніуі артады.

2021 жылы мәжбүрлі еңбек құрбандарын және адам саудасының құрбаны болған шетелдіктерді анықтауды жақсарту мақсатында ҚР Ішкі істер министрлігі және Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, Қарағанды, Түркістан және Маңғыстау облыстарында мобильді топтар бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Мобильді топтардың құрамында полиция, прокуратура, еңбек инспекциясы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

kkKazakh